Menu

«Астана EXPO-2017» компаниясы астаналық Оқушылар сарайына көрменің бірегей алаңын сыйлады

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы Оқушылар сарайы өзінің 7-ші туған күніне орай «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының сыйлығымен марапатталды. Көптеген бірегей экспонаттармен ұсынылған «Болашақ энергиясы» көрме кешені елорданың жастар білім беру орталығының көркіне айналды. Көрмеге келушілер бұл жерден заманауи «жасыл» технологиялар экспонаттарын көре алады. Бұл туралы BNews.kz сайты хабарлайды.





Оқушылар сарайына келушілер «Болашақ энергиясы» көрме алаңынан баламалы энергия көздері саласындағы заманауи «жасыл» технологиялар мен инновациялық әзірлемелердің үлгілерімен таныса алады. Бұл заттар жас ұрпақты заманауи экологиялық технологияларға бейімдеуге және оларды өнертабысқа қызығушылыққа талпындырады.



Фото: informburo.kz


Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына сыйға тартылған экспозиция мен экспонаттар үшін алғыс білдірді.


«Бұл – біз үшін ерекше сыйлық. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының сыйы балалардың дүниетанымының кеңеюіне, ғылыми-техникалық шығармашылығының дамуына, балалар мен жасөспірімдерді ғылымға, техника мен заманауи «жасыл» технологияларға бейімдеуге зор ықпал етеді», — дейді Ербол Іргебай.



Көрмедегі экспонаттардың әрқайсысы қоршаған әлемге деген көзқарасты өзгерту және оны ұқыпты пайдалану тұрғысынан адам мүмкіндіктерінің ауқымы кең екенін айқындайды.


«Миниатюралық күн генераторы» көрмесі – күн энергиясын пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруге арналған электр станциясы. Құрылғы орталықтандырылған электр желілерінен, ауылдық және таулы аймақтардан алыс және күн сәулесіне бай жерлерде сұранысқа ие болуы мүмкін.



Фото: informburo.kz


«Күн пеші» деп аталатын экспозиция күн энергиясынан жұмыс істейді. Өнертабыс күн ашық кезде тамақ дайындауға мүмкіндік береді. Бұл пеш қоршаған ортаны ластамайды, экологиялық таза және зиянсыз.


Қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға көмектесетін өздігінен басқарылатын және сутекті автомобиль үлгілері туралы «болашақтың көлігі» видеотаныстырылымы мектеп оқушылары арасында ерекше қызығушылық тудырды.


Источник: “https://baq.kz/kk/news/kogam/astana_expo2017_kompaniyasi_astanalik_okushilar_saraiina_kormenin_biregei_alanin_siiladi20181228_151900”